Спорт
1 мин оқу 255
Қазақстан құрамасы үздік ондықта
<p style="text-align: justify;">Ресейдің Ярославль қаласында фрис­тайл-акробатикадан Әлем кубогы ке­зеңінде аралас командалық сайыс бойынша бәсекелер аяқталды. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан 7-орынға табан тіреді, деп хабарлады ҰОК баспасөз қызметі.</p>

Аралас командалық бәсекеге Қазақстан құрамасынан Жанбота Алдабергенова, Ақмаржан Қалмырзаева және Шерзод Хаширбаев қатысты. Жарыс барысында отандастарымыз жалпы саны 239.40 ұпай жинап, бәсекені жетінші орынмен аяқтады.
Әлем кубогының қорытындысы бойынша Ресей құрамасының екі командасы бірінші және екінші орынға ие болды. Ал Швейцария командасы үздік үштікті қорытындылады.
Бөлісу: