Рейтингтегі орнын сақтап қалды
<p style="text-align: justify;">Күні кеше Кәсіби теннисшілер қауым­дастығы (ATP) мен Халықаралық әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) спортшылардың әлемдік рейтингін жаңартты. Жерлестеріміздің дені АТР және WTA тізімдеріндегі өздерінің бұған дейінгі орындарын сақтап қалды.</p>

Атап атар болсақ, әйелдер арасындағы Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина бұрынғы 19-орнын сақтап қалған. Әзірге ол – қазақстандықтар арасында ТОП-20 теннисшінің қатарына енген жалғыз спортшы. Сонымен қатар Юлия Путинцева да 28-орнын ешкімге берген жоқ. Ал Зарина Диас бір орынға төмен сырғып, 81-орынға тұрақтады. Әлемдік рейтингте аустралиялық Эшли Барти көш бастап тұр.
Ерлер арасында тәуір нәтиже көрсетіп келе жатқан отандасымыз Александр Бублик әлемдік рейтингте төрт саты жоғарылап, 45-орынға жайғасты. Ол жуырда ғана Түркияның Анталия қаласында өткен АТР турнирінің финалына дейін жеткен болатын. Тағы бір жерлесіміз Михаил Кукушкин өзінің 89-орынын сақтап қалды.