Аймақтар
1 мин оқу 395

Солтүстік Қазақстан облысы «қызыл» аймаққа кірді

<p style="text-align: justify;">19 қаңтарда коронавирус инфекциясының таралу деңгейі жағынан &laquo;қызыл&raquo; аймаққа Солтүстік Қазақстан облысы кірді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

«Денсаулық сақтау министрлігі елдегі эпидемиялық ахуалға күн сайын талдау жүргізіп отыр. Жыл басталғалы «сары» аймақтан «қызыл» аймаққа үш өңір, Қостанай, Павлодар облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласы өтті. «Жасыл» аймақтан «сары» аймаққа Алматы мен Қарағанды облыстары өтті. Осылайша, 19 қаңтардағы жағдай бойынша «қызыл» аймақта 6 өңір тұр. Олар: Ақмола, Павлодар, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласы. «Сары» аймақта үш өңір бар: БҚО, Алматы мен Қарағанды облыстары. Қалған 8 өңір «жасыл» аймақта», деді Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында.

Еске сала кетсек кеше, яғни 18 қаңтарда Қазақстанның 4 облысы мен 1 қаласы, атап айтқанда, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Атырау облысы мен Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймақта болған еді.

Бөлісу:
Солтүстік Қазақстан облысы «қызыл» аймаққа кірді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар