Хоккей
1 мин оқу 210

Беларусь елі 2021 жылы шайбалы хоккейден әлем чемпионатын өткізу құқығынан айырылды

<p style="text-align: justify;">Минск саяси жағдайға байланысты шайбалы хоккейден әлем чемпионатын өткізу құқығынан айырылды, деп хабарлайды Халықаралық шайбалы хоккей федерациясының (IIHF) <a href="https://www.iihf.com/en/events/2021/wm/news/24134/iihf_to_move_2021_world_championship">баспасөз</a> қызметі.</p>

«Минск пен Рига қалаларының Әлем чемпионатын бірлесіп өткізу жөніндегі өтінімді қабылдай алмайтынымыз өте өкінішті. Осы үдеріс барысында біз әлем чемпионатын татуласудың құралы ретінде қолданып, Беларусь еліндегі қоғамдық-саяси мәселелерді шешу үшін көмектесуге тырыстық. Шешімін таппаған аса күрделі проблемаларға байланысты Минскіде  Әлем кубогын өткізу орынсыз болады», - деді IIHF президенті Рене Фасель.

Бөлісу:
Беларусь елі 2021 жылы шайбалы хоккейден әлем чемпионатын өткізу құқығынан айырылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар