Аймақтар
1 мин оқу 240

Атырауда 648 отбасы жаңа баспанаға көшеді

<p>Биыл Атырауда 648 отбасыға жаңа пәтер беру жоспарланып отыр, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz</a></p>

Атырауда 648 отбасы жаңа баспанаға көшеді

Облыстық құрылыс басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мерей Жантөреевтің айтуынша, Атырау қаласындағы «Береке» шағын ауданында 9 көп қабатты тұрғын үй салынып жатыр. Бұл үйлер көктемде пайдалануға тапсырылады.  

«Тұрғын үйлердің жалпы алаңы 47 530 шаршы метрді құрайды. Қазір «Запад строй ЕРС» ЖШС тұрғын үйлердің құрылысын мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асыруда» дейді Мерей Жантөреев.

Оның мәлім етуінше, «Запад строй ЕРС» ЖШС келісішартқа сәйкес көп қабатты үйлердің  биылғы маусымға дейін аяқтайды. Содан кейінгі 5 жылда тұрғын үйлерге қызмет көрсету  міндеттемесі бар.

Бөлісу:
Атырауда 648 отбасы жаңа баспанаға көшеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар