Өзбекстанға 100 мың дана Pfizer вакцинасы жеткізіледі
<p style="text-align: justify;">Өзбекстан америкалық Pfizer және Германияның BioNTech компанияларынан 100 мың дана вакцина алады. Бұл туралы Өзбекстанның санитария және эпидемиология қызметінің басшысы Баходир Юсупалиев хабарлады, деп жазды <a href="https://www.centralasian.org/a/31051938.html" target="_blank" rel="noopener noreferrer">centralasian.org</a>.</p>
Өзбекстанның денсаулық сақтау министрлігі халықтың шамамен жиырма пайызына коронавирусқа қарсы вакцина егуді көздеп отыр.
Pfizer/Biotech вакцинасын -70 градус температура жағдайында сақтау қажет. Юсупалиевтің айтуынша, Өзбекстанда мұндай вакциналарлы сақтауға арналған тоңазытқыштар бар. Шенеунік елде егу науқанын жоспарлау жұмыстары басталып кетті. Егумен айналысатын медициналық қызметкерлер дайындалып жатыр.
Pfizer/Biotech вакцинасы- Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының коронавирусқа қарсы егуге болатын препарат ретінде мақұлдаған алғашқы вакциналардың бірі.