Үкіметтің кеңейтілген отырысы қашан өтетіні белгілі болды
<p style="text-align: justify;">Үкіметтің кеңейтілген отырысы ағымдағы жылдың 26 қаңтарында өтеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет басшысы Асқар Маминді қабылдады. Кездесу барысында экономикалық өсімді қалпына келтіру, инвестиция тарту, халықты жұмыспен қамтуды қолдау, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру және еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының басқа да өзекті мәселелері жөніндегі шаралар талқыланды.
Бұдан өзге, басқосуда Асқар Мамин Қасым-Жомарт Тоқаевқа 26 қаңтардағы Үкіметтің кеңейтілген отырысына дайындық барысы жайында айтты. Мемлекет басшысының төрағалығымен өтетін жиында еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен алдағы кезеңде атқарылатын міндеттер қаралады.