Спорт
1 мин оқу 120

Дэвис кубогының шешуші бәсекелері 11 күнге созылады

<p style="text-align: justify;">Теннистен Дэвис кубогын ұйымдастырушылар биылғы жылы жарыстың форматын өзгертуді құп көріп отыр, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Дэвис кубогының шешуші бәсекелері 11 күнге созылады

Атап айтсақ, айтулы доданың шешуші бәсекелері биыл 11 күнге созылады. Яғни, 25 қарашада басталып, 5 желтоқсанда өз мәресіне жетеді. Жарыс үш қалады өтеді. Финалдық сайыс Мадридте ұйымдастырылады. Ал 2022 жылдан бастап, қатысушылар саны 18-ден 16-ға дейін азаяды.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылғы Дэвис кубогында мына командалар өнер көрсетеді:    

А тобы: Испания, Ресей, Эквадор;

В тобы: Канада, Қазақстан, Швеция;

С тобы: Франция, Ұлыбритания, Чехия;

D тобы: Хорватия, Аустралия, Мажарстан;

Е тобы: АҚШ, Италия, Колумбия;

F тобы: Сербия, Германия, Аустрия.

Бөлісу:
Дэвис кубогының шешуші бәсекелері 11 күнге созылады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар