Қоғам
2 мин оқу 280

Жарна төлеу қалай жүзеге асады?

<p style="text-align: justify;">Жаңа жылда медициналық сақтандыру жарнасының көлемі өзгерді ме? Жарнаны қалай төлеуге болады? Осы мәселе төңірегінде көпті мазалаған бірқатар сауалға Медициналық сақтандыру қорының Алматы қалалық филиалының өкілдері жауап берді.</p>

Жарна төлеу қалай жүзеге асады?

Қор дерегіне сүйенсек, бүгінгі таңда Алматы қаласы тұрғындарының 82%-ы сақтандырылған. Яғни олар меди­циналық сақтандыру пакетіндегі қыз­меттерді еш кедергісіз пайдалана алады. Ал шұғыл медициналық көмек тұтас ел тұрғындарына статусына қарамастан көрсетілуі тиіс.

Жарнаның қомақты бөлігін жеңіл­ді­гі бар 15 санат үшін мемлекет тө­лейді. Бұл тізімде балалар, зей­нет­­керлер, Екінші дүниежүзілік соғысының арда­герлері мен қатысушылары, «Алтын алқа», «Күміс алқамен» мара­пат­тал­ған көп балалы аналар, жұ­мыс істемейтін жүкті әйелдер, декрет демалысындағылар, мүгедектер мен балалық шақтан мүгедек азамат­тар­дың күтушілері, студенттер бар.

Ел көлемінде сақтандыру жарна­сын төлеу міндетінен босатыл­ған­дар­дың жалпы саны 11 млн-ға же­тіп жығылады. Одан кейінгі санат қарамағындағы қызметкерлерін сақ­тан­­дыруға міндеттелген – жұмыс беру­шілер. Жарнаны 2017 жылдың шіл­де­сінен бері төлеп келе жатқан бұл санат биылдан бастап жалақының 2%-ы көлемінде жарна аударады. Жар­на жұмысшының жалақысынан емес, еңбекақы қорынан аударылуы тиіс. Ал жұмыскердің жалақысынан биылдан бастап 2% жарна ұсталады.

– Жеке кәсіпкерлер өзі үшін жарна төлеуді бұрынғыша жалғастыра бе­реді. Олар төлейтін төлемде өзгеріс жоқ. Бұл бұрынғыша ең төменгі жалақының 5%-ы. Биыл ең төменгі есептік көрсеткіш өзгерген жоқ, ай сайынғы төлем – 2 975 теңге, дейді қордағылар.

Бұл ретте өз қызметін тіркемей, басқа жеке және заңды тұлғаларға әр түрлі қызмет көрсететін өзін-өзі жұ­мыспен қамтыған азаматтар жар­наны қалай төлейді деген заңды сауал туын­дай­ды. Бұған қатысты қор маман­да­рының мәлімдемесі төмен­де­гідей.

«Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санатына жататын аталған жеке тұлғалар сақтандыру жүйесіне екі түрлі жолмен қосыла алады: ЕТЖ 5%, яғни, 2 125 теңге төлеп, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санатына қосылуға болады. Немесе бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) төлеуші ретінде тіркелуіне мүмкіндік бар. 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап АЕК 2 917 теңге болып белгіленді. Жиынтық төлемді қала тұрғындары 1 АЕК көлемінде, ауыл тұрғындары 0,5 АЕК көлемінде (1458 теңге) төлей­ді. Бұл төлемнің өзіндік артық­шы­лық­тары бар. Жарнаның 40 пайызы – Медициналық сақтандыру қорына, 30 пайызы – Бірыңғай жиынтық зейнетақы қорына, 20 пайызы – Әлеу­меттік сақтандыру қорына аударылса, 10%-ы табыс салығы ретінде ұсталады. БЖТ арқылы азамат барлық са­лықты төлейді әрі болашақта ба­за­лық зейнетақы мен әлеуметтік тө­лемдерді ала алады», деп атап өтті Меди­циналық сақтандыру қорының Алматы қалалық филиалының өкіл­дері.

Азаматтық-құқықтық келісімшарт не­гізін­де жұмыс істейтін жеке тұл­ға­лар төлейтін жарна көлемі биыл табыстың 2%-ын құрап отыр. Бірақ төленетін соманың шегі 8500 теңгеден (яғни 10 ЕТЖ 2%) аспа­уы қажет. Еске салайық, 2021 жылы сақ­тан­ды­рылмаған азаматтар алдың­ғы 12 айдың қарызын өтеуі тиіс. Толық мә­лімет­ті Қордың 1406 бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға болады.

АЛМАТЫ

Бөлісу:
Жарна төлеу қалай жүзеге асады? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар