Аймақтар
1 мин оқу 303

«Жұлдыз» жарқыраған сәт

<p style="text-align: justify;">Қарағанды облысындағы Абай қаласында мәдениет пен өнердің дамуына ерекше көңіл бөлінеді. Мысалы, осындағы &laquo;Жұлдыз&raquo; атты хореографиялық ансамбль жергілікті атқарушы билік тарапынан болған қамқорлық пен қолдаудың арқасында қанатын кеңге жайып, бүгінгі күнде елімізден тысқары жерлерге де танымал болып үлгерді.</p>

«Жұлдыз» жарқыраған сәт

Таяуда аталған өнер ұжымы Испания елінде ұйымдастырылған Online Wave халықаралық конкур­сында бақ сынап, «Халық биі» аталымы бойынша екінші дәрежелі лауреат атағын иемденді.

Бұл байқауда «Жұлдыз» ан­самблінің мың бұралған бишілері қазақ халқының асыл мұрасы  «Білезік» биін қазылар алқасының төрелігіне ұсынды. Қазылар қара­ғандылық ұжымның өнерін ла­йықты бағалап, байқаудың жоғары  жүлдесімен марапаттады.

«Жұлдыз» ансамблінің же­текшісі Жанар Мансұр қазақ хал­қының асыл мұрасын халықаралық байқауда таныстырып, еліміздің атын шығарғандарына шын қуа­нышты екенін жеткізді.

«Қазақ билерінің мағынасы өте терең, небір әсем ырғақ пен үйле­сімді қозғалыстар арқылы тұр­мыстық және философиялық тақырыптарды бейнелеуге болады. Халықаралық өнер додасына қа­тысып, жүлделі болғанымызды мақтан тұтамыз», дейді ұжым жетекшісі.

 

Қарағанды облысы,

Абай қаласы

Бөлісу:
«Жұлдыз» жарқыраған сәт · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар