Спорт
1 мин оқу 110

Су добынан әйелдер командасы жеңіліп қалды

<p style="text-align: justify;">Бүгін Италияның Триест қаласында су добынан әйелдер командасы арасында Токио Олимпиадасына іріктеу турнирі басталды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Өкінішке қарай, Қазақстан командасы алғашқы ойында жеңіліп қалды.

«В» тобында сынға түскен қазақстандықтар тұсаукесер матчты Грекия құрамасына қарсы өткізген болатын. Аталған матчта қазақстандықтар 5:13 есебімен қарсыласқа жол берді.

Біздің құрама сапынан Анастасия Еремина, Дарья Рога, Айжан Ақылбаева, Виктория Хританковалар мергендігімен көзге түсті. Қазақстан командасы келесі ойынды Венгрия құрамасына қарсы өткізеді.

Кездесу ертеңге жоспарланған.

Бөлісу:
Су добынан әйелдер командасы жеңіліп қалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар