Түзеу мекемесіне жолданған шұжықтан 24 SIM-карта табылды
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Алматы облысында қатаң режимдегі колонияға жеткізілген шұжықтан 24 SIM-карта табылды, – деп хабарлайды Egemen.Kz <a href="https://polisia.kz/">Polisia.kz. </a>сайтына сілтеме жасап. </span></p>
Сотталған азаматтардың бірінің ағасы түзеу мекемесінде пайдалануға тыйым салынған заттарды шұжыққа тығып, мекеме аумағына өткізбек болды.
Алайда, Алматы облысы бойынша ҚАЖД ЛА-155/12 мекемесі қызметкерлерінің қырағылығының нәтижесінде Ұлттық ұланның әскери қызметшілерімен бірлесіп, сотталғандарға бандероль беру және тексеру бөлмесінде шұжық өнімдерінің ішінен Теле-2 байланыс операторының 24 дана SIM-картасы табылды және тәркіленді.
Қазіргі уақытта бұл факт бойынша жинақталған құжаттар Қапшағай қаласының Полиция басқармасына тапсырылды.
– Ескертулерге қарамастан, сотталған азаматтардың туыстары мен өзге де адамдар белгіленген талаптарды бұзуды жалғастыруда және түзеу мекемесінде ұсталатын сотталғандарға тыйым салынған заттарды өткізуге талпыну бойынша әрекеттерін қайталауда, – деп атап өтті Алматы облысы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары Жәнібек Қосжанов.