Қоғам
1 мин оқу 176

Дубайдан ұшып келген жолаушыдан коронавирус табылды

<p style="text-align: justify;">2021 жылдың 19 қаңтарында халықаралық әуе рейстермен келген жолаушылар бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

2021 жылғы 19 қаңтарында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Корея, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, РФ, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 13 халықаралық әуе рейсі ұшып келді.

1 915 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 713 адам, анықтамасыз 202 ҚР азаматы болды.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 8 рейс, 1 479 жолаушы, анықтамамен - 1 319, анықтамасыз - 160; Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 199 жолаушы, анықтамамен - 198; анықтамасыз - 1;
Қостанай қаласының әуежайына – 1 рейс, 237 жолаушы, анықтамамен - 196; анықтамасыз - 41.

ПТР анықтамасы болмаған Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтіп отыр.

2021 жылдың 18 қаңтарында анықтамасыз келген 132 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша Дубай – Алматы рейсімен келген бір жолаушыдан коронавирус инфекциясы табылды.

Бөлісу:
Дубайдан ұшып келген жолаушыдан коронавирус табылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар