Қызылорадада биыл 98 тұрғын үй салынады
<p style="text-align: justify;">Биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында тұрғын үй құрылысына 7 млрд теңге қаржы бөлінді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Арнұр Нұрмағанбетов мәлімдеді.</p>

Жыл ішінде 2172 пәтерлік 98 тұрғын үйдің құрылысы салынады. Халықтың әлеуметтік осал топтары мен көп балалы отбасылар үшін 342 пәтер сатып алынады. Оған бюджеттен 2,9 млрд теңге бөлінді. Баспананың 192-сі қала, қалғаны аудан тұрғындарына беріледі. Жалға берілетін 95 тұрғын үй салу жоспарлануда.
- Жұмыспен қамту 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы аясында 75 пәтерлі 41 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіледі. Кредиттік тұрғын үйлер бойынша барлығы 665 пәтерді құрайтын 38, жеке қаражат есебінен 220 пәтерді құрайтын 6 тұрғын үйдің құрылысы салынады. Жалпы облыста биыл 644,7 мың шаршы метр көлемінде тұрғын үй пайдалануға беру жоспарланып отыр, - деді басқарма басшысының орынбасары.