Технология
2 мин оқу 190

Электронды қолтаңбаны онлайн алуға болады

<p style="text-align: justify;">Халыққа қызмет көр&shy;се&shy;ту орталықтары ар&shy;қы&shy;лы электронды цифр&shy;лы қол&shy;таңба рәсімдеу&shy;ші&shy;лер саны биыл қаңтар айында күрт өсті. Жыл басынан бері халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы қазақ&shy;&shy;стандықтар 270 мыңнан астам ЭЦҚ рәсімдеген, бұл көрсет&shy;кіш желтоқсан айымен салыстырғанда 30 %-ға көп.</p>

Электронды қолтаңбаны онлайн алуға болады

Бұл зейнетақы қорындағы қаржыны шешу және жыл сайынғы мемлекеттік қызмет­кер­лердің декларация тапсыру уақытының басталғанымен бай­ланысты. Цифрлы қол­таң­баны рәсімдеушілер арасында Алматы, Түркістан облысы, Нұр-Сұлтан қаласының тұр­ғындары көп, көш бастап тұр­ған мегаполис – Алматыда 27 мың болса, қалған екеуінде 23 мың­нан қолтаңба алынған. ЭЦҚ-ны ХҚО арқылы ең аз рәсім­дегендер саны Батыс Қазақстан облысында – 7 мың.

Мемлекеттік корпорация­ның төрағасы Әділ Кожихов­тың айтуынша, ЭЦҚ-ны онлайн түрде рәсімдеуге болады. Сондықтан пандемия уа­қы­тында халық көп жиналатын жерге барудың қажеті жоқ. «Біз әр тұрғынның денсаулығына алаңдаймыз. Бүгінде ЭЦҚ-ны үйде отырып-ақ бірнеше ми­нуттың ішінде рәсімдеуге болады», дейді Ә.Кожихов.

Сондай-ақ Азаматтарға арналған үкімет ЭЦҚ кілттерін уақтылы жаңартып отыруды ес­кер­т­еді. Бір жылға берілетін элек­т­ронды қолтаңбаның мер­зімі аяқталуға таяған кезде, яғ­ни 10 күн бұрын ЭЦҚ ие­сіне ес­кертпе-смс келеді. Аза­мат­тар кілттердің жарамды­лық мер­зімін Ұлттық куәландыру­шы ор­та­лығының pki.gov.kz сайты ар­қылы тағы бір жылға ұзарта алады. Бұл да ЭЦҚ алу үшін ХҚО-ға барудың қажеттілігін жояды.

Айта кетейік, ЭЦҚ-ны egov.kz порталы арқылы онлайн рә­сім­деу мүмкіндігі 2020 жыл­ғы сәуір айынан бері бар. Бұл үшін камерасы бар ноутбук немесе компьютер, жеке куә­лік және мобильді азаматтар ба­за­сында тіркеу болу қажет. Жүйе азаматтың жеке басы­ның мәліметтері мен бет-әлпетін сәй­кест­іргеннен кейін жаңа ЭЦҚ-ны сақтап алуды ұсынады.

Бөлісу:
Электронды қолтаңбаны онлайн алуға болады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар