Ұлттық Банкте жаңа комитет құрылды
<p style="text-align: justify;">Ұлттық Банкте жаңа ақша-кредит саясаты жөніндегі комитет құрылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>
Банк мәліметінше, комитет Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылып отыр.
«Бұл Комитет Ұлттық Банктің басқармасымен және Директорлар кеңесімен қоса жұмыс атқарып жүрген қызметкерлерден тұратын үшінші орган болады. Ақша-кредит саясаты комитетінің құзыретіне базалық мөлшерлеме туралы шешімдер қабылдау, ақша-несие саясатының негізгі операциялары бойынша пайыздық мөлшерлемені белгілеу және Ұлттық Банк Басқармасының айрықша құзыретіне кірмейтін ақша-кредит саясатының басқа мәселелері бойынша шешім қабылдау кіреді. Орта мерзімді перспективада Комитет құрамына макроэкономика мен ақша-кредит саясатында мамандандырылған және мол тәжірибесі бар тәуелсіз мүшелер алынады», делінген Ұлттық банктің хабарламасында.