Экономика
1 мин оқу 290

Доллар арзандап жатыр

<p style="text-align: justify;">Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Доллар бағамы кешегі бағамен салыстырғанда 0,11 теңгеге төмендеп, 1 доллар үшін 418,54 теңгені құраған. Ұлттық банктің 21 қаңтардағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 418,67 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 419,63 теңгеден сатылса, ал сатып алу - 418,12 теңге. Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 419,65 теңгеге сатылып жатыр, ал сатып алу - 418,56 теңге.

Бөлісу: