Аймақтар
1 мин оқу 630
Сирек кездесетін жағдай: Маңғыстауда екі айлық бала инсульт алды
<p style="text-align: justify;">Маңғыстауда дәрігерлер инсульт алған екі айлық баланың өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Белгілі болғандай, 9 қаңтарда «мида қан айналымының бұзылуы» (жаңа туған нәрестелердің инсульті) диагнозы бар нәрестені Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізді.
Екі айлық нәрестеде церебральды ісіну, дислокация синдромы және I-II дәрежелі кома тіркелді.
10 қаңтарда сәбидің денсаулығы бірқалыпты. Оған шұғыл түрде екі сағатқа созылған бас сүйегінің трепанациясы операциясы жасалды.
Дәрігерлердің айтуынша, қазіргі уақытта науқас травматология бөліміне ауыстырылған, жағдайы – орташа ауыр.
Айтолқын МЫРЗАКАРИМ
Бөлісу: