Аймақтар
1 мин оқу 352

Талдықорғанда қоғамдық көлік өртенді

<p style="text-align: justify;">Талдықорған қаласында көшенің қақ ортасында қоғамдық көлік отқа оранды. Автобус толықтай жанып кетті. Абырай болғанда зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Талдықорған қалалық көлік және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Нұрбақыт Алтынбеков: «228-ші бағыттағы автобус Назарбаев даңғылының бойында отқа оранды. Алдын ала болжам бойынша, өрт сымдардың қысқа тұйықталуынан болған. Көлік жанып кетті. Зардап шеккендер жоқ», деді ол.

Бөлім басшының айтуынша, автобус «Трансталл» жауапкершілігі шектеулі серіктестікке тиесілі. Қазіргі уақытта қызыл жалынға оранған көлік аталған серіктестіктің аймағына жеткізілген. Өртті төтенше жағдайлар қызметінің мамандары сөндірген.

Бөлісу:
Талдықорғанда қоғамдық көлік өртенді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар