Қоғам
1 мин оқу 1,900

Ерекше қажеттіліктері бар балаларға қандай жағдай жасалған?

<p style="text-align: justify;">Бүгінде елімізде ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқыту, қоғамға бейімдеу мемлекет алдында тұрған келелі мәселенің бірі. Инклюзивті оқыту негізінде&nbsp;қандай да бір кемсітушілікке жол берілмеуі&nbsp;қажет. Әсіресе&nbsp;арнайы орталықтарда&nbsp;білім алушылардың тең құқығылығына&nbsp;қолайлы жағдай туғыза отырып, қоғамда өзін жайлы сезінуге жағдай жасау аса маңызды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Ерекше қажеттіліктері бар балаларға қандай жағдай жасалған?

Алматы қаласының әкімі Б.Сағынтаев жұмыс сапары аясында ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған оқу барысын ұйымдастырудың барысымен танысты. Осы орайда №7 арнайы түзету мектеп-интернатының ахуалымен танысып, мұндағы санитарлық-эпидемиялық қауіпсіздік шаралардың сақталу барысын тексерді.

Осы кездесуде қала әкімі  ерекше қажеттіліктері бар балаларға қолдау көрсетіп, олардың жан-жақты дамуына қаншалықты жағдайда жасалу керектігін атап өтті. Әрине, ерекше қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтендіру ата-аналар үшін де оңай емес. Осы орайда Б.Сағынтаев бала тәрбиесінде ортақ мәселелерге назар аудару қажеттігін де еске салды. 

1

Б.Сағынтаевтың айтуынша, жаңа тоқсанның басталуына байланысты қаладағы мектептерде кезекші топтардың саны артқан. Қазіргі кезде аталған мектепте 216 бала білім алса, 200 балаға сабақ үй жағдайында өтеді.

Мұнда балаларды әлеуметтік-психологиялық оңалту, шығармашылық әлеуетін дамыту, еңбекке баулумен қатар емдік дене шынықтыру, музыка, би сабақтары да өтеді.  Сонымен қатар тігін немесе ағаш ұстасы ісінің қыр-сырын меңгере отырып, жасөспірімдердің 9-сыныптан кейін колледжге түсіп, мамандық алуына да мүмкіндіктер қарастырылған. 

Бөлісу:
Ерекше қажеттіліктері бар балаларға қандай жағдай жасалған? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар