Спорт
1 мин оқу 311

Әлем кубогы өтеді

<p style="text-align: justify;">22 қаңтарда Нидерландтың Херенвен қаласында коньки спортынан әлем кубогының кезеңдік сайысы өтеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Әлем кубогы өтеді

Оқу-жаттығу жиынын Қызғалдақтар елінде өткізген Қазақстанның конькишілері Херенвенде мынадай құрамда өнер көрсетеді: Надежда Морозова, Екатерина Айдова, Ольга Тихонова, Дмитрий Морозов, Виталий Щиголев, Демьян Гаврилов, Бақдәулет Сағатов, Роман Креч, Артур Галиев және Александр Кленко.

Ұлттық командамыздың бас бапкері Дмитрий Бабенконың айтуынша, бұл жарыста жерлестеріміз кемінде бір жүлде алуды көздеп отыр. Естеріңізге сала кетейік, дәл осы әлем кубогының кезеңдік бәсекелерінде әлем чемпионатының жолдамалары сарапқа салынады.

Бөлісу:
Әлем кубогы өтеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар