Әлем
1 мин оқу 1,555

Украинада қарттар үйі өртеніп, 15 адам мерт болды

<p style="text-align: justify;">Харьков қаласында қарттар үйі болған екі қабатты ғимарат өртенді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

«21 қаңтарда жергілікті уақытпен сағат 15:03-те (елорда уақытымен 19:03) Харьков қаласының Нижняя Гиевскя көшесіндегі 150 Б-үй өртенді. Өрт қарттар үйі болған нысанның екінші қабатында басталған. Сағат 16:05-те ғимараттан өлген 15 адамның денесі табылды, тағы 5 адам зардап шеккен», делінген қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі қызмет таратқан хабарламада.

Жалын 100 шаршы метр аумақты шарпыған. Оны сөндіруге 28 маман және 7 техника жұмылдырылған.

Қайғылы оқиға мемлекеттік деңгейдегі төтенше жағдай деп белгіленді. Қалалық кеңес сағат 17-де оқиғаға қатысты отырыс өткізетін болды.

Бөлісу:
Украинада қарттар үйі өртеніп, 15 адам мерт болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар