Қоғам
2 мин оқу 364

Жұрт пікірін жете ескереді

<p style="text-align: justify;">Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арна&shy;ған алғашқы Жолда&shy;уын&shy;да &laquo;Халық үніне құлақ асатын мемлекет&raquo; тұжы&shy;рым&shy;дамасын енгізіп, мем&shy;ле&shy;&shy;кеттік органдардың жұрт&shy;шылықтың ұсыныс&shy;та&shy;ры мен пікірлеріне, түрлі сын мен шағымға құлақ асып, олардың тиімді жолдар&shy;мен шешілуін қада&shy;ға&shy;лап отыруды тапсырған болатын.</p>

Жұрт пікірін жете ескереді

«Сондықтан азаматтық қоғамға қолдау көрсетіп, оның әлеуетін нығайта түсу керек. Сондай-ақ аса ма­ңыз­ды жалпы мемле­кет­тік міндеттерді шешу үшін талқылау жұмыстарына аза­маттық қоғамның мүм­кін­дік­терін кеңінен қолдану қажет», деген еді Мемлекет бас­шысы. Одан кейін өзінің «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» мақаласында да аталмыш тұжырымдаманың орындалуының маңыз­ды­лы­ғына терең мән берген. Мақалада «Сыбырдан басқа сыры жоқ, Шаруаға қыры жоқ», деп Абай айтқан замандастарымыз көбеймес үшін билік халыққа әрдайым құлақ түріп отырғаны жөн» де­лінген еді.

Барлық мемлекеттік орган осы талапты қатаң сақ­тап, оның орындалуына қатты мән беріп отырса, азаматтық қоғамның да әлеуеті арта тү­сер еді. Солтүстік Қазақстан об­лыстық ішкі істер депар­та­мен­тінің бастығы, полиция полковнигі Марат Төлебаев өткен жылы 3 169 жазбаша өтінішке жауап беріпті. Олар­дың бәрі, әрине, арыз-шағым емес. Арасында полиция қызметін жетілдіру жөніндегі ұсыныс-пікірлер де көп. Соның ішінде сервистік полиция жұмысын жетілдіру бойынша көптеген ұсыныс түскен. Мысалы, сотқа дейінгі тер­геп-тексеруді әділ өткізу, мем­лекеттік қызметтерді са­па­лы көрсету, халыққа кө­мек көрсету, өтініштерге уақ­­ты­лы жауап беру сияқты мәселелер көтерілген. Поли­цей­лердің осындай маңызды қағи­дат­тарды толық сақта­май­тындығы жеке қабыл­дау­лар барысында да көп айтылған.

Облыстық полиция де­пар­та­ментінің бастығы ай­тылған ұсы­ныстар мен пікір­лерді зерт­теп, олар туралы нақты ұсыныс жасауды тиісті қыз­мет­терге жүктеген. «Елі­міздің Президенті өз Жолдауында адамдармен ашық диалог жүргізудің маңызды екендігін баса айтты. Бүгін осындай диалог алаңдарын біз ведомство қабырғасында ғана өткізумен шектелмейміз. Қолданыстағы интернет-платформалар мен басқа да электронды ресурс­тар мұндай диалогтарға же­дел­дік пен ашықтық бе­ре­ді. Азаматтардан келіп түскен өтініштердің толық әрі жан-жақты зерделеніп, уақтылы және сапалы қаралуы – жеке бақылауымда», дейді Марат Төлебаев.

Сондай-ақ солтүстік­қазақ­стандықтар ішкі істер орган­дарына қатысты өті­ніш­­те­рін әлеуметтік желі арқылы жолдап, жауап алуда. Ал по­лиция депар­та­ментінің бас­тығы жуырда азаматтарды кезекті қабыл­дауын өткізді. Сегіз азамат Марат Төле­баев­пен онлайн-диалог­қа шықты. Олардың басым бөлігі қыл­мыс­тық істерді тергеу мәсе­ле­лері бойынша жүгінді. Полиция қатарында қызмет етуге ниет білдірген өңірдің үш тұрғыны жұмысқа орналасу жайлы сұрады. Жауап беру барысында ведомство басшысы бүгінгі таңда полиция қызметкерлеріне қойы­ла­тын биік талаптарға баса назар аударды.

Қызылжар өңірінің бас по­лицейі азаматтарды әр ап­та­ның сәрсенбі күні қабыл­дай­ды. Қабылдау онлайн режімде жүргізіледі.

Солтүстік Қазақстан облысы

Бөлісу:
Жұрт пікірін жете ескереді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар