Әлем
1 мин оқу 175
Вакцина өндірушісіндегі өрт бес адамның өмірін қиды
<p style="text-align: justify;">Әлемнің ең ірі вакцина өндірушісі – Үндістан сарысу институтының ғимаратында өрт шығып бес адам қайтыс болды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> BBC NEWS агенттігіне сілтеме жасап.</p>

Белгілі болғандай, 21 қаңтар түстен кейін Пуна қаласындағы сарысу институтының салынып жатқан ғимараттарының бірінде өрт басталған. Нәтижесінде 5 адам қаза тапты.
Компания аталмыш ғимарат құрылыс жағдайында екенін және вакцина өндірісіне зиян келмегенін айтты. Өрттің себебі әлі анықталған жоқ.
Айтолқын МЫРЗАКАРИМ
Бөлісу: