Аймақтар
1 мин оқу 300

Елордада қысқа мерзімді кәсіптік оқу басталды

<p style="text-align: justify;">Елордалық Жұмыспен қамту орталығы &laquo;Еңбек&raquo; нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында осы жылдың 21 қаңтарынан 3 ақпанына дейін кәсіпкерлер палатасы оқу орындарының тізімінде тұрған білім беру ұйымдарынан қысқа мерзімді кәсіптік оқуға қатысу үшін өтінімдер қабылдауды жүзеге асырады, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.</p>

Елордада 2021 жылы қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды ұйымдастыру үшін сұранысқа ие мамандықтар тізімі:

1. Графикалық жұмыстар дизайнері (анимация және бейнографика, веб-дизайнер)
2. Краншы машинист
3. Автомеханик
4. Жиһаз дизайнері
5. Жиһаз жинаушы (ағаш)
6. Техник-электрик
7. Тігінші (тігінші оператор)
8. Шаштаразшы
9. Инженер-программист (киберқауіпсіздік саласының маманы)
10. Ағаш ұстасы
11. Сырлаушы-сылақшы
12. Кондитер
13. Әкімгер
14. Сауда агенті (риэлтор)
15. Наубайшы (жалпы бейін)
16. Өнім менеджері
17. Тәрбиешінің көмекшісі
18. Сауда залының кассирі
19. Дәнекерлеуші
20. Сатушы-кассир (консультант сатушы)
21. Тәрбиеші
22. Аспазшы (жалпы бейін)
23. Слесарь-сантехник
24. Автоэлектрик
25. Визажист
26. Маникюр шебері
27. Smm менеджері
28. Тігінші

Барлық сұрақтар бойынша Бейбітшілік көшесі, 25, «Өркен» БО мекенжайында орналасқан «Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-ге хабарласуға болады. Байланыс телефондары: 95-44-16, 95-44-24, 8 775 753 4391.

Бөлісу:
Елордада қысқа мерзімді кәсіптік оқу басталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар