Қазақстан
1 мин оқу 122

Шетелден келген 10 жолаушыдан коронавирус табылды

<p style="text-align: justify;">21 қаңтарда Қазақстан Республикасының аумағына Иран, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, РФ және Өзбекстаннан 13 халықаралық әуе рейсі келді.</p>

1 888 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 471 адам, анықтамасыз 417 ҚР азаматтары келді.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 8 рейс, 1 131 жолаушы, анықтамамен - 885, анықтамасыз - 246;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 752 жолаушы, анықтамамен - 581; анықтамасыз - 171;

Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 5 жолаушы анықтамамен келді.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

20 қаңтарда анықтамасыз келген 258 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша 10 жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды. Олардың ішінде 6 жолаушы Минск – Нұр-Сұлтан рейсімен, 3 жолаушы Шарм-эль-Шейх – Нұр-Сұлтан, тағы бір жолаушы Дубай – Нұр-Сұлтан рейсімен келген.

Бөлісу:
Шетелден келген 10 жолаушыдан коронавирус табылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар