Ауа райы
1 мин оқу 730

Бірқатар облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

<p style="text-align: justify;">Еліміздің алты облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

23 қаңтарда Атырау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Ертең Атырау қаласында тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін.

23-24 қаңтарда түнде Ақмола облысында ауа температурасы 30-35, кей жерлерде 38 градусқа дейін күрт төмендейді.

23-24 қаңтарда түнде Көкшетауда 32-34 градус аяз болуы мүмкін.

Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғады, тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік батыстан соққан жел, солтүстікке ауысады, түнде кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Ертең Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғуы мүмкін. Жел оңтүстік батыстан солтүстік батысқа ауысады, кей жерлерде 15-20 м/с күшейіп, күндіз екпіні 23 м/с жетеді.

23 қаңтарда күндіз Қызылорда қаласында жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. Жел оңтүстік батыстан солтүстік батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.

23-24 қаңтарда түнде Солтүстік Қазақстан облысында ауа температурасы минус 30-35-ке дейін төмендеуі мүмкін. 24 қаңтарда түнде кей жерлерде 40 градус қатты аяз болады.

23 қаңтарда түнде Петропавлда ауа температурасы минус 32-34 дейін төмендейдіі, 24 қаңтарда түнде 37-39 градус қатты аяз болуы ықтимал.

23 қаңтарда Қарағанды облысының кей жерлерінде боран соғады, тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Жел оңтүстік батыстан соғады, 15-20 м/с дейін күшейеді.

Бөлісу:
Бірқатар облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар