Елбасы
1 мин оқу 170
Нұрсұлтан Назарбаев елорда әкімін қабылдады
<p style="text-align: justify;">Кездесуде елорда әкімі Елбасына қала құрылысындағы алдағы жоспарлар мен санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша қабылданған шаралар туралы баяндады, деп хабарлайды Елбасының баспасөз қызметі.</p>
А.Көлгіновтің мәліметінше, 2020 жылы елорданы дамыту және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау бойынша маңызды жобаларды іске асыру үшін 1 триллион теңгеден астам инвестиция тартылды.
Әңгіме барысында білім беру, денсаулық сақтау, өнеркәсіп, тұрғын үй құрылысы және инфрақұрылымды дамыту салаларындағы жобаларды іске асыру мәселелеріне ерекше мән берілді.
Сонымен қатар Нұр-Сұлтан қаласының әкімі пандемия жағдайында елорданың шағын және орта бизнес өкілдерін қолдау шаралары туралы айтып берді.
Бөлісу: