Алматыда әйелдер онкологтарға тегін қарала алады
<p style="text-align: justify;">Ертең, яғни 2021 жылдың 23 қаңтарында сағат 9-00-ден 13-00-ге дейін Алматы онкологиялық орталығында жетекші онколог-гинеколог мамандардың қатысуымен Ашық есік күні өткізіледі. Іс-шара Қазақстандағы жатыр мойны обырының алдын алу апталығы аясында өткізіледі.</p>

«Әйел жатыр мойны обырының ерте сатысында алдын алу және анықтау үшін үнемі тексеруден, скринингтен өтуі керек, сонда оның емі әлдеқайда жеңіл болады, сондай-ақ уақтылы қаралу кезінде 100% толық емделу мүмкіндігі бар», - дейді маман.
Ашық есік күні барысында әйелдер мамандардың тегін кеңесін алып, онкогинекологтан тексеріле алады.
Профилактикалық тексеру жүргізу уақыты мен орны Алматы қаласы, Папанин көшесі, 220, А литері, «Алматы Онкологиялық орталығы» ШЖҚ КМК 1 қабатында өтеді.
Ашық есік күнін өткізуге қатысты барлық сұрақтар бойынша мына телефондарға хабарласуға болады: +7 701 222 12 93, +7 707 497 44 14.