Аймақтар
1 мин оқу 363

Атырауда тұрғын үйде газ жарылып, 3 адам ауруханаға түсті

<p style="text-align: justify;">Атырау қаласында көп қабатты тұрғын үйде газ жарылып, 3 адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Атырауда тұрғын үйде газ жарылып, 3 адам ауруханаға түсті

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға 23 қаңтарда сағат 18:34-те Атырау қаласында болған.

«Авангард-2» шағын ауданында орналасқан №18 үйдің пәтерінің бірінде тұрмыстық газ жарылды. Алдын ала болжам бойынша газ желісінде ақау болған. Екінші қабаттағы көршілес екі пәтердің арасындағы қабырға құлады. Газ жарылысынан 3 адам зардап шегіп, облыстық ауруханаға жеткізілді» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Ауруханаға түскен 3 адамға медициналық көмек көрсетілді. Кейін оның екеуі үйіне жіберілді. Ал оқиға орнында төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жұмыс істеді. Жарылыстың себебі анықталып жатыр.

Бөлісу:
Атырауда тұрғын үйде газ жарылып, 3 адам ауруханаға түсті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар