Шетелден ұшып келген жолаушылардан коронавирус анықталған жоқ
<p style="text-align: justify;">Өткен тәулікте шетелден анықтамасыз ұшып келген 345 қазақстандықтан коронавирус анықталған жоқ, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
2021 жылғы 23 қаңтарда Қазақстан аумағына Германия, БАӘ, Египет, Түркия, Ресей, Беларусь пен Өзбекстаннан 13 халықаралық әуе рейсі келді.
1 547 әуе жолаушының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 202 адам, анықтамасыз 345 ҚР азаматтары келді.
Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 9 рейс, 1 129 жолаушы, анықтамамен - 856, анықтамасыз - 273;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 418 жолаушы, анықтамамен - 346; анықтамасыз - 72.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.
2021 жылдың 22 қаңтарында анықтамасыз келген барлық 345 ҚР азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.