Спорт
1 мин оқу 370

Танымал шаңғышы жол апатынан қайтыс болды

<p style="text-align: justify;">Қазақстанның танымал шаңғышысы Николай Чеботько 24 қаңтарға қараған түні Ақмола облысының Бурабай кентінің маңында жол апатынан қайтыс болды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Танымал шаңғышы жол апатынан қайтыс болды

Николай Сергейұлы 1982 жылдың 29 қазанында Ақмола облысының Щучинск қаласында дүниеге келді. Сол жерде шаңғы спортының қыр-сырына қанығып, уақыт оза елеулі табыстарға қол жеткізді. Атап айтсақ, 2013 жылы Италияда өткен әлем чемпионатының қола медальін мойнына ілді. Төрт бірдей Азия ойындарына қатысып, 3 алтын, 4 күміс және 2 қола медальді олжалады. 2002 жылы Солт-Лейк-Сити, 2006 жылы Турин және 2010 жылы Ванкувер Олимпиадаларында бақ сынады. Сонымен қатар, ол басқа да көптеген халықаралық жарыстарда да жеңіс тұғырына көтерілді. Николай Чеботько небары 38 жаста еді...

Бөлісу:
Танымал шаңғышы жол апатынан қайтыс болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар