Технология
1 мин оқу 380

Цифрлы офицер де болуы мүмкін

<p style="text-align: justify;">Технология қарқынды дамып жатқан ғасыр&shy;&shy;да армияның бәсекеге қабілеттілігі көбі&shy;несе цифрландыру деңгейіне байланысты. Қорғаныс министрінің орынбасары Дарын Тұяқовтың ойын&shy;ша, бұл қадам цифрлы транс&shy;формациядан басталуы тиіс. Сол себеп&shy;ті ең алдымен Қор&shy;ғаныс министрлігі мен Қарулы Күштерде ақ&shy;параттық-техно&shy;логия&shy;&shy;лық архитектураны әзірлеу қажет.</p>

Цифрлы офицер де болуы мүмкін

Бұл туралы Қорғаныс министрлігінде Дарын Тұяқовтың басшылығымен өткен ведомствоның ақпа­раттық-технологиялық архитектурасын әзір­­леу мәселесі жөніндегі кеңесте айтылды. Вице-министрдің айтуынша, жаңа құрылымды ұйымдас­тыру бес кезеңнен тұрады. Олар қызметті, мәлі­меттерді, ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-ком­муникациялық инфрақұрылымды және кибер­қауіпсіздікті қамтиды.

Әр бөлімшеде цифрлы офицер лауазымын ен­гізуді ұсыну жоспарлануда. Құрылған мамандар кор­пусы мемлекеттік органдардың цифрлы трансфор­мациясы мәселелерімен айналысатын болады. Қа­зіргі уақытта Қорғаныс министрлігі мен Қарулы Күш­­терді ақпараттандырудың ортамерзімді жоспа­рын жасау жұмыстары жүргізіліп, IT-архитек­тураны дамытудың басым бағыттары айқындалуда. 

Бірінші кезеңде цифрландырудың ағымдық ахуалы зерделенеді. Жүргізілген мониторинг мемлекеттік органның IT-стратегиясын анықтауға және күштер мен құралдарды аз шығындай отырып, қолда бар­ ресурс­тарды ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді. Үдерістер мен мемлекеттік қызметтерді авто­маттандырудың оңтайлы деңгейі мен форматы таң­далатын болады.

Қазақстан әскері мемлекеттің қауіпсіздігі мен тәуелсіздігін қамтамасыз ететіндіктен, цифрлы трансформация үдерісінен шет қала алмайды.

Бөлісу:
Цифрлы офицер де болуы мүмкін · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар