Аймақтар
1 мин оқу 720

Өнертапқыш өрен

<p style="text-align: justify;">Жас ұрпақтың қиялын ұштап, өз қолдарымен жаңа нәрсе жасап шығаруға құлшынуы қуантады. Ақтаудағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 10 &laquo;А&raquo; сынып оқушысы Диана Қуанбай жылыжай мен көгал суаруға арналған машина жасап шығарды.</p>

Өнертапқыш өрен

Диана бұл жобамен 2019 жылы айналысып бастаған. Әзірге жоба робот макет күйінде дайын тұр.

– Жұмыс істеу процесі оңай­латылған. Робот алдымен топы­рақтың ылғалдылығын өлшеп, осыған сәйкес су мөлшерін анық­­тап, жерді суарады. Әзірге білім ордамыздағы жылыжайда сынап жүрміз және роботты жетілдіру үстіндеміз. Осы жобамен облыстық ғылыми байқаулар жобасында жүлделі орыннан кө­ріндік, енді республика деңгейіндегі сайыста қорғаймын, – дейді өнертапқыш.

Диана қазірде бірегей жоба­сымен наурыз айында өтетін рес­пуб­ликалық байқауға дайындалуда. Роботқа қауіпсіздік GPS са­уыты­н орнату жоспарланып отыр.

16 жастағы Диана Қуанбай болашақта IT саласында жоғары білім алу үшін Еуропадағы беделді университетке түсуді ойлайды. Отбасындағы 4 баланың үлкені мектепті абыройлы тәмамдап, туған өлкенің дамуына өз үлесін қос­қысы келеді.

 

Маңғыстау облысы

Бөлісу:
Өнертапқыш өрен · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар