Экология
1 мин оқу 242

Еліміздегі екі қалада ауа сапасы нашарлайды

<p style="text-align: justify;">&laquo;Қазгидромет&raquo; РМК Қазақстан қалаларындағы 25 қаңтар күнгі ауа сапасы туралы болжамын жариялады, деп хабарлайды&nbsp; &nbsp;<a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz</a></p>

Атап айтқанда, қолайсыз метеорологиялық жағдай түнде Қарағанды және тәулік бойы Қызылорда қаласында болады. Өзге шаһарларда метеоахуал қалыпты. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Бөлісу:
Еліміздегі екі қалада ауа сапасы нашарлайды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар