Аймақтар
1 мин оқу 245

Атырауда сыбайлас жемқорлық деңгейі төмендеді

<p style="text-align: justify;">Бұл туралы облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің төрағалығымен өткен сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі өңірлік комиссияның алғашқы отырысында мәлім болды.</p>

Атырауда сыбайлас жемқорлық деңгейі төмендеді

Комиссия отырысында «Transparency International» ұйымының Қазақстандағы өкілдігі жүргізген «2020 жылғы Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық жай-күйінің мониторингі» зерттеуінің нәтижелері айтылды. Аталған ұйымның сарапшылары қалалар, облыстар мен  аудандарда 9 000 респондентпен сауалнама жүргізіп, «ашық диалог» порталына  түскен 1 347 өтінішті зерттепті.

«Тұрғындар арасында жүргізілген сауалнама нәтижелері мемлекеттік органдарға жүгінген кезде сыбайлас жемқорлыққа тап болған адамдардың үлесі  2019 жылмен салыстырғанда 2,1%-ға төмендегенін көрсетті» деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Қанат Сүлейменов.

«Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Альфия Әдиеваның айтуына қарағанда, тұрғындар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үшін 72 ақпараттық-насихаттық жұмыс жүргізіліпті.

Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы күресті әлі де күшейту қажеттігіне тоқталды.

Бөлісу:
Атырауда сыбайлас жемқорлық деңгейі төмендеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар