Әлем
1 мин оқу 730
Германияда екпеден бас тартқандар жұмыстан шығарылды
<p style="text-align: justify;">Германияда коронавирусқа қарсы вакцина салдырудан бас тартқандар жұмысынан шығарылды, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz </a>«Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.</p>
Оқиға жергілікті қарттар үйінде болған. Мекеме директоры әйелімен бірге екпе салдырып, өзгелерді де осыған үндеген. Алайда 7 бірдей қызметкер вакцинадан бас тартқандықтан, ұжым басшысы оларды жұмыстан шығарып жіберген.
Германияда коронавирусқа қарсы жаппай екпе салу, желтоқсан айының соңында басталған болатын. Бір ай ішінде препараттың бірінші дозасын, 1 миллион 200 мыңнан аса адам алды. Екінші дозасының өзін 25 мыңдай тұрғын қабылдап үлгерген.
Бөлісу: