Үкімет
1 мин оқу 324

Ертең Президенттің төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді

<p style="text-align: justify;">Бұл жайында Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында хабарлады.</p>

«Ертең, яғни 26 қаңтар күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысы өтеді. Онлайн форматта өтетін жиында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2020 жылғы қорытындылары мен алдағы жоспары талқыланбақ», деп жазды Берік Уәли.

Аккредитациядан өткен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері аталған іс-шараны «Қазмедиа орталығынан» дер кезінде таратуға мүмкіндік алады.

Бөлісу:
Ертең Президенттің төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар