Өткен жылы Алматыға 88 мыңнан астам иммигрант келген
<p style="text-align: justify;">Қаланың көші-қон қызметінің мәліметінше, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 64,6%-ға аз, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>
– Сонымен қатар, өткен жылы көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 16 мың 347 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылған, оның ішінде 1 мың 539 шетелдік болған. 238 шетелдік азамат елден әкімшілік жолмен шығарылды. Сондай-ақ, 63 жұмыс беруші мен Қазақстанның 14 мың 808 азаматы әкімшілік жазаға тартылды. Барлығы 117 миллион 074 мың 692 теңге көлемінде айыппұл салынды, – деді Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов.
Сонымен қатар 2020 жылы шетелдіктер жасаған 301 қылмыс тіркелген. Қылмыстардың ең көбін Өзбекстан Республикасының азаматтары жасаған.