Аймақтар
1 мин оқу 227

Қостанайдағы құрылыс алаңында вагон өртенді

<p style="text-align: justify;">Қостанай қаласында құрылыс алаңы өртеніп, оттегі және пропан толтырылған баллон қауіпсіз аймаққа шығарылды, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz </a>облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p> <p style="text-align: justify;">&nbsp;</p>

Оқиға Қостанай қаласының Қобыланды батыр көшесінде болған. Құрылыс жүріп жатқан нысан аумағында вагон өртенген. Өрт 75 шаршы метр аумақты шарпыды.

«От құрылыс нысанынан бірнеше метр қашықтықта орналасқан 5 қабатты тұрғын үйдің қоршауына тарады. Оқиға орнына келген Қостанай қаласының №1-МӨСБ өрт сөндірушілері вагон ішіндегі сығылған оттегі бар 3 баллон және сұйытылған пропан бар 1 баллонды алып шықты. Өрт сөндірушілер үй-жайдан барлық баллондарды шығарып, өрт қауіптілігі жоғары аймақтан көшірді. Сонымен қатар құтқарушылардың күшімен көп қабатты үйден баспалдақ маршы арқылы 30 адам, оның ішінде 3 бала эвакуацияланды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда», делінген ведомство хабарламасында.

Бөлісу:
Қостанайдағы құрылыс алаңында вагон өртенді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар