Экономика
1 мин оқу 791

Доллардың ертеңгі бағамы белгілі болды

<p style="text-align: justify;">Доллардың теңгеге қатысты ресми бағамы тағы көтерілді. Ұлттық банк 26 қаңтардағы доллар бағамы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz</a></p>

Америкалық валютаның сейсенбідегі ресми бағамы 420,67 теңге болады. 22-25 қаңтарда доллар бағамы 419,69 теңге болған еді.

KASE биржасындағы күндізгі сауда-саттық нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 0,92 теңгеге артып, 420,67 теңгеге жеткен болатын.

Kurs.kz дерегі бойынша қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде долларды сатудың орташа курсы - 420,88 теңге, ал сатып алу - 419,34 теңге.

Нұр-Сұлтан ақша айырбастау пункттері америкалық валютаны орта есеппен 420,90 теңгеден сатып, 419,82 теңгеден сатып алады.

Бөлісу:
Доллардың ертеңгі бағамы белгілі болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар