Аймақтар
1 мин оқу 250

Қостанайда құрылыс алаңы отқа оранды

<p style="text-align: justify;">Қостанай қаласында құрылыс алаңы өртеніп, оттегі және пропан толтырылған баллон қауіпсіз аймаққа шығарылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Келеңсіз жайт Қостанай қаласының Қобыланды батыр көшесінде болған. Құрылыс жүріп жатқан нысан аумағында вагон өртенген. Өрт 75 шаршы метр аумақты шарпыды.

«От құрылыс нысанынан бірнеше метр қашықтықта орналасқан 5 қабатты тұрғын үйдің қоршауына тарады. Оқиға орнына келген Қостанай қаласының №1-МӨСБ өрт сөндірушілері вагон ішіндегі сығылған оттегі бар 3 баллон және сұйытылған пропан бар 1 баллонды алып шықты. Өрт сөндірушілер үй-жайдан барлық баллондарды шығарып, өрт қауіптілігі жоғары аймақтан көшірді. Сонымен қатар құтқарушылардың күшімен көп қабатты үйден баспалдақ маршы арқылы 30 адам, оның ішінде 3 бала эвакуацияланды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда», делінген ведомство хабарламасында.

Бөлісу:
Қостанайда құрылыс алаңы отқа оранды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар