Бокс
1 мин оқу 370

Бокстан жастар арасындағы ел біріншілігі аяқталды

<p style="text-align: justify;">Алматыдағы республикалық спорт колледжде бокстан жастар арасындағы Қазақстан біріншілігі өз мәресіне жетті. Бұл жарыс белгілі қоғам қайраткері Амалбек Тшанның жүлдесі үшін өтті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Бокстан жастар арасындағы ел біріншілігі аяқталды

Айтулы додаға Жамбыл облысының өрендері жақсы даярлықпен келген екен. Олар 2 алтын, 2 күміс және 4 қола медальді иеленіп, жалпы командалық есепте бірінші орын алды. 2 алтын, 1 күміс және 3 қоланы олжалаған Алматы қаласының сайыпқырандары екінші сатыға табан тіреді. Үшінші орында – Шығыс Қазақстан облысы. Кеңді Алтайдан келген былғары қолғап шеберлері 2 алтын, 1 күміс және 2 қолаға қол жеткізді.

Жекелеген салмақ дәрежелері бойынша мына боксшылар жеңіс тұғырының ең биік сатыларына көтерілді: 46 кило – Ернар Қарап (ШҚО), 49 кило – Кенже Маратұлы (Алматы облысы), 52 кило – Жандос Жұмабаев (Шымкент), 56 кило – Әбдіғалым Әбдікәрім (Түркістан), 60 кило – Елнұр Сүйінбай (Жамбыл), 64 кило – Бауыржан Сәтжанов (ШҚО), 69 кило – Армат Арманұлы (Алматы қаласы), 75 кило – Сұлтан Бабаханов (Жамбыл), 81 кило – Темірлан Мұқатаев (Нұр-Сұлтан), 91 кило – Мәди Әміров (Алматы қаласы) және +91 кило – Даниял Сапарбай (Түркістан). 

Бөлісу:
Бокстан жастар арасындағы ел біріншілігі аяқталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар