Үкімет
1 мин оқу 1,250

Бюджет саласындағы 1 млн-нан астам қызметкердің жалақысы өседі

<p style="text-align: justify;">Биыл 1,3 млн адам жұмыспен қамтудың әртүрлі шараларымен қамтылады. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

«Үкімет биыл халықты жұмыспен қамту және табысын арттыру мақсатында мемлекет кешенді шараларды айқындады. 1,3 млн адам жұмыспен қамтудың әртүрлі шараларымен қамтылады. Бұл жұмыссыздық деңгейін 4,9 пайызға дейін төмендеді. «Жұмыспен қамту жол картасы» жұмысы жүзеге асырылуын жалғастырады. Бұл ретте тұрақты жұмыс орындарын құруға баса мән беріледі. Еңбек нарығын жаңа жағдайға бейімдеу үшін жұмыспен қамтудың жаңа түрлері енгізіледі», деді Асқар Мамин.

Оның атап өтуінше, экономикада құрылатын жұмыс орындары есебін толық жүргізу үшін жұмыспен қамтудың өңірлік жол карталары жасалады. Еңбек нарығын дамытудың 2021-2027 жылдарға арналған жоспар әзірленеді

«Биыл бюджет саласындағы 1 млн-нан астам жұмыскердің жалақысы өседі», деді Үкімет басшысы.

Бөлісу:
Бюджет саласындағы 1 млн-нан астам қызметкердің жалақысы өседі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар