Қазақстан
1 мин оқу 210

ЖОО сапасын арттыру үшін 20 академиялық орталық құрылады

<p style="text-align: justify;">Өңірлердегі жоғары оқу орындарының сапасын арттыру үшін 20 академиялық басым орталық құру басталады. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

«Отандық ғылымды жүйелі дамыту аясында жер қойнауын пайдаланушылардың ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға қаражат салуын орталықтандыру көзделген. 500 ғалымды әлемдік жетекші ғылыми орталықтарға тағлымдамаға жіберу ұйымдастырылады» - деді Асқар Мамин.

Сондай-ақ жас ғалымдарға 1 мың грант бөлінеді.

«Өңірлердегі жоғары оқу орындарының сапасын арттыру үшін 20 академиялық басым орталық құру бойынша жоба іске асырыла бастайды», - деді ҚР Премьер-Министрі.

Бөлісу:
ЖОО сапасын арттыру үшін 20 академиялық орталық құрылады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар