Жаңалықтар
1 мин оқу 523

АРНАЙЫ ӨКІЛДІҢ АҚПАРАТЫ ТЫҢДАЛДЫ

Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен болған Парламент Сенаты бюросының отырысында палатаның алдағы 21 сәуірде болатын кезекті жалпы отырысының күн тәртібін қалыптастыру туралы тұрақты ко­ми­теттердің ұсыныстары қаралды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.<!--more-->

Депутаттар отырыста “Жер қой­науы және жер қойнауын пайдалану туралы” заң жобасын қарайды. Сон­дай-ақ “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне транс­ферттік баға белгілеу және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасы бірінші оқылымда, “Қазақ­стан Республикасының кейбір заң­намалық актілеріне өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасы екінші оқылымда талқыла­натын болды.

Бюро отырысында ЕҚЫҰ Пар­ла­менттік Ассамблеясының Президенті Ж.Соарештің Қырғызстандағы жағ­дайды байқау жөніндегі Арнайы өкілі Әділ Ахметовтің ақпараты тыңдалды.

Сенат депутаты Ә.Ахметов ЕҚЫҰ Іс басындағы төрағасының Арнайы уәкілі Жәнібек Кәрібжановпен бірге осы елге барып, уақытша үкімет бас­шыларымен, таратылған парламент депутаттарымен, белгілі қоғам қай­рат­керлерімен, үкіметтік емес ұйым­дардың, Қырғыз Республикасында тіркелген дипломатиялық миссия­лар­дың, халықаралық қаржы ұйымдары мен институттарының өкілдерімен кездесулер өткізген болатын.

Бөлісу: