Жаңалықтар
1 мин оқу 225

Қостанайда тепловоздарды заңсыз беруге қатысты іс қозғалды

18 12-tenlovozҚостанай облысындағы қаржы полициясының қызметкерлері «Желдоркомпания» ЖШС лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы «24 kz» хабарлады.

Күдіктілер Ресейдің Брянск облысына 1 620 000 долларды құрайтын қос тепловозды заңсыз жібермекші болған. Ол үшін жалған құжаттар дайындап, тепловоздардың зауыттық номерлерін өзгерткен. Бұл техникалар қаржылық лизинг келісімі бойынша алынған екен. Қазір құқық қорғау қызметкерлері осы оқиғаға байланысты тергеу амалдарын жүргізуде. Ал олар әзірге айыпкерлердің есімін ашық жарияламай отыр. Сондықтан біз бұл істің қорытындысын қосымша хабарлайтын боламыз.

Бақытбек Кенешұлы.

Дереккөз: «24 kz»

Бөлісу:
Қостанайда тепловоздарды заңсыз беруге қатысты іс қозғалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар