Технология
1 мин оқу 685

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі байланыс пен интернет сапасын сынға алды

<p style="text-align: justify;">Бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі байланыс пен интернет сапасының нашар екенін айтып, сынға алды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

«Тағы бір мәселе – интернет жылдамдығының төмендігі. Байланыс операторлары тарапынан тарифтік жоспарлар үнемі жаңартылып отырады. Ал интернет жылдамдығы мен сапасы ресми мәлімдемеден нашар. Үкіметке осы салада тұтынушылардың құқықтарын қорғау және нақтылы параметрлердің мәлімделгендерден айтарлықтай алшақтығы үшін жауапкершілікті енгізу мәселесін пысықтауды тапсырамын», деді Президент. 

Бөлісу:
Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі байланыс пен интернет сапасын сынға алды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар