Әлем
1 мин оқу 310

Тәжікстан коронавирус індетін жойды

<p style="text-align: justify;">&laquo;COVID-19 індетін жеңдік&raquo;, деді президент Эмомали Рахмон парламентке жыл сайынғы жолдауында. Бұл туралы&nbsp;ria.ru сайтына сілтеме жасап&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> хабарлады.</p>

«Қазір Тәжікстанда коронавирус жоқ, біз оны толығымен жойдық», - деді мемлекет басшысы. 

Соған қарамастан барлық тұрғындар қауіпсіздік шараларын сақтауы керек екенін атап өтті. 

«Ендігіде босаңсымай, жеке және қоғамдық гигиена ережелерін сақтауды ұмытпауымыз керек», - деді Рахмон. 

Президенттің айтуынша, Тәжікстан үкіметі өткен жылы Ұлттық денсаулық сақтау жүйесін қолдауға 1,6 миллиард сомони (145 миллион доллардан астам) бөлді, ал елде шұғыл түрде 30-ға жуық жаңа ауруханалар пайдалануға берілді. 

«Коронавирус пандемиясымен күресу үшін COVID-19 жұқтырған науқастарға 7000-нан астам жаңа ауруханалық төсек-жабдық ұйымдастырылды, оларға 5400 медицина қызметкері қызмет көрсетті», - деді мемлекет басшысы. 

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Тәжікстанда 15 күннен бері коронавирустық инфекцияның жаңа жағдайы тіркелмеген.

Бөлісу:
Тәжікстан коронавирус індетін жойды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар