Шетелден келген 137 жолаушының ПТР-анықтамасы жоқ
<p style="text-align: justify;">25 қаңтарда Қазақстан Республикасының аумағына Мальдив Республикасы, БАӘ, Түркия, РФ және Беларусь Республикасынан 9 халықаралық әуе рейсі келді, - деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>
794 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 657 адам, анықтамасыз 137 ҚР азаматтары келді.
Оның ішінде:
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 220 жолаушы, анықтамамен - 212; анықтамасыз - 8;
Алматы қаласының әуежайына – 4 рейс, 428 жолаушы, анықтамамен - 303, анықтамасыз - 125;
Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 146 жолаушы, анықтамамен - 142, анықтамасыз - 4.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.
24 қаңтарда анықтамасыз келген барлық 695 ҚР азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.